Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданындағы Аққыр бағытындағы жол жөндеу жұмыстары басталды. Жаңаталап-Аққыр аралығындағы 20,6 км жолды күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 664 миллион 835 мың теңге қаржы бөлінген.

Қазіргі таңда жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер компания «Қызылорда жолдары» ЖШС.

Жалағаштық шаруалар суды үнемді пайдалануға бет бұрды

Қазіргі таңда Жалағаш ауданының дихандары бақша дақылдарын орналастыруда. Еңбектің өтемі болар өнімнің мол болуы судың жеткілікті болуына байланысты. Бүгінде Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылының енбекқор азаматтары суды пайдалану барысында ысырапшылдыққа жол бермей, суды үнемдеу үшін полиэтилен жабындысы (под пленка) астына қарбыз егуді қолға алды.

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Жаңадария қауынын сатуға арналған арнайы орын әзірленіп, Жанадария қауын-қарбыз брендін қайта жаңғыратын болады.

342382685_254736086912552_4490516860507220884_n.jpg

Ауданда бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні акциясы өтті

Жалағаш ауданында “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні” экологиялық акциясы өткізілді. Акцияға Жалағаш кенті және 14 ауылдық округ белсенді қатысты. Сондай-ақ, сенбілік барысында тал отырғызумен қатар қарықтарда су жүруге кедергі келтіретін қоқыстар алынып, су жолдарына қайта қазу және тал әктеу жұмыстары жүргізілді.

342190013_2115223845337271_709067828858757634_n.jpg

«Ораза айт» мерекесіне орай тартысты дода өтті

Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында ұлттық спорттың 4 түрінен (гір көтеру, арқан тарту, қол күресі, қазақ күресі) Жалағаш аудандық «Иманқұл» мешітінде спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шараға кент және ауылдық округтерден 15 команда қатысып, жарыс нәтижесі бойынша І орын иеленген «Иманқұл» мешітінің командасына - 100 000 теңге, ІІ орын иеленген Ақсу ауылының командасына - 70 000 теңге, ІІІ орын иеленген Мәдениет ауылының командасына - 50 000 теңге табысталып, спорттық шараға белсенді қатысқан 12 командаға 15 000 теңгеден қаржылай сыйлықтар берілді.
Қол күресінен 75 кг салмақта 1 орын жалағаштық Алмат Тәжмаханға бұйырса, 2 орын Мәдениет ауылынан келген Бекзат Андрейге бұйырды. Ал 3 орынды Жаңадариялық Фархад Қалбабаев иеленді. Сонымен қатар, +75 кг салмақта Жалағаш кентінен Мұхтар Тажмаханов 1 орын алса, 2 орынды Жасұлан Мыңбай иеленді. Ал 3 орын Ақсу ауылынан келген Данияр Байсақаловқа бұйырды. Гір көтері жарысы бойынша 1 орын жалағаштық Қайсар Төлегенге, 2 орын Нұрислам Орынбасарға, 3 орын ақсулық Данияр Байсақаловқа бұйырды. Қазақ күресінен өткен сайыста жалағаштық Жайдарбай Есенов 1 орыннан көрінсе, Ақсу ауылының тумасы Ұласқан Алпысбай 2 орынды иеленді. Жалағаштық Бекарыс Жаныс Бекарыс 3 орынды місе тұтты. Ал арқан тартысу сайысында1 орын Ақсу ауылына, 2 орын Жалағаш кентіне, 3 орын Мәдениет ауылы бұйырды.

Жеңімпаздар Қызылорда облыстық "Асыл мұра" қоғамдық қорының арнайы қаржылай сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталды.

342688586_894295988507611_295803813214933934_n.jpg

Жалағашта баскетболдан аудандық жарыс өтті

Камал Бердаулетовтың 100 жылдығына орай Жалағаш аудандық мәдениет және спорт бөлімімен "Наркескен" спорт клубының ұйымдастыруымен 8-10 сынып ер балалары арасында баскетболдан аудандық жарыс өтті.

Жарысқа кент, ауыл округтеріне қарасты мектептерден 9 құрама команда қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі I орынды Ақсу ауылынан келген "№116 орта мектеп" құрамасы иеленсе, II орынды "№201 мектеп-лицей" командасы иемденді. Ал III орынды Таң ауылынан келген "№118 орта мектеп" командасы қанжығасына байлады. 
Сонымен қатар, "Үздік ойыншы" номинациясымен №116 орта мектеп командасының ойыншысы Нұртөре Батырхан марапатталды. "Үздік қорғаушы" номинациясын Қаракеткен ауылындағы №114 орта мектеп командасының ойыншысы Бекарас Таңатар иеленді. Ал "Үздік шабуылшы" номинациясымен Таң ауылынан келген №118 орта мектеп командасының ойыншысы Нұржігіт Сабырбай марапатталды.

Жеңіске жеткен командалар аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ш.Қалыбаевтың диплом, кубогтарымен марапатталды.
342685220_888011312265063_4251597055504405128_n.jpg
 

Тағы да оқыңыз: