Kyzylorda-news.kz Жұма күні Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Жалағаш ауданы әкімінің жүлдесіне арналған республикалық жайдарман сайысы өтті.

Республикалық жайдарман ойынында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 13 команда бақ сынады. Жайдарман ойынын елімізге белгілі жайдарманшы Әліби Басаров жүргізді.
Жарысқа қатысушылар қоғамның өзекті мәселелерін көтеріп, оны астарлы әзіл арқылы көрермендерге жеткізді. Әр әзілдің астында шындықтың, ақиқаттың жатқанын сезіндіру арқылы, тыңдаушыға үлкен ой сала білді.

Жайдарман сайысына аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов қатысып, көрермендердің көңіл төрінен орын алған жайдарманшыларға аудан әкімінің алғысын жеткізіп, үздіктерді марапаттады.

Тартысты сайыс нәтижесінде І орынды Орал қаласының «Талант» командасы жеңіп алып, 200 000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды. ІІ орынды Астана қаласының «Ақпен бірге» құрамасы иеленіп, 150 000 теңгелік сертификат табысталды. Ал ІІІ орынды жеңіп алған Қарақалпақстаннан келген «Алмаз» құрамасына 100 000 теңге қаржылай сыйлық табысталса, Түркістан облысы «Ақбұлақ» құрамасының ойыншысы Бекұлы Ерман жайдарманның «Үздік ойыншысы» атанып, 50 000 теңге қаржылай номинациямен мапаратталды.

Тағы да оқыңыз: