Kyzylorda-news.kz. Азаматтық қоғам саласы – аса маңызды, ел үшін іргелі сала. Бүгінгі күннің талабы – қоғам санасының тарихи құндылықтарымызға берік бола отырып, заман сұраныстарына сай жаңа белеске көтерілуі. Қоғамның рухани жаңғыруы еліміздің саяси және экономикалық жаңғыруының өзегіне айналуы керек. Ал көпшіліктің мұң-мұқтажын арқалап жүру қоғамның ең белсенді әрі ұйысқан бөлшегі – қоғамдық бірлестіктердің, жалпы үкіметтік емес ұйымдардың еншісінде болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», деген болатын.

Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері мен қоғамдық бірлестік жетекшілерімен кездесті. Кездесуде үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын дамыту жоспары, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру мақсатында қолдау көрсетуді ұйымдастыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның мониторингін және бағалау тетігін жетілдіру мәселелері қаралады. 

Кездесу барысында «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Мирман, «Жалағаш ауданы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Е.Оспан өз ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.
 

315933380_3423753044559279_2322219969494605799_n.jpg

Тағы да оқыңыз: