Kyzylorda-news.kz. Жалағаш аудандық мәдениет және спорт бөлімімен «Наркескен» спорт клубының ұйымдастыруымен аудан әкімінің арнайы жүлдесі үшін алғаш рет «TARTYL FEST» турникке тартылу жарысы өтті. Аудан жастарының арасында жастарды спортпен тұрақты шұғылданып, өзара татулық пен достықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа кент және ауыл округтерінен 58 спортшы қатысты.

Шараға арнайы Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қатысушылары жас ерекшеліктеріне қарай ІІІ кезеңге бөлінді: 18 жасқа дейін, 18 жастан 35 жасқа дейін, 35 жастан жоғары.

18 жасқа дейінгі қатысушылар арасында өткен жарыста І орынмен Абылайхан Батырхан «Ақсу» ауылы, ІІ  орын Наурызхан Кәмедин «Мырзабай ахун» ауылы, ІІІ орын Ернұр Оразбай «Бұқарбай батыр» ауылының спортшылары иеленді.

18-35 жас аралығындағы спортшылар арасынан жүлделі І орынды Ұлықбек Шаңқытбайұлы «Т.Жүргенов» ауылы, ІІ орын Нұрхан Бауыржанұлы «Кент», ІІІ орынмен Жасұлан Сержанов «Кент» қатысушысы иеленді.

35 жастан жоғары спортшыларымыз арасынан І орынды Нариман Батишев «Кент», ІІ орынды Қуаныш Байқожаев «Бұқарбай батыр» ауылы, ІІІ орынды Мирамбек Доспенбетов «Есет батыр» ауылының қатысушысы иеленді.

Жарыс соңында "Наркескен" спорт клубының директоры Ғ.Ержанов жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, арнайы аудан әкімінің дипломдары мен қаржылай сыйлықтарын табыстады.

 

Тағы да оқыңыз: