Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданының әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлы Жалағаш аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Ержан Абдрамановты қабылдады.
Аудан әкімі қызметтік міндетін адал атқарып, жанқиярлық ерлік көрсеткен, адам өміріне араша болған Ержан Абдрамановқа Жалағаш ауданының “Құрмет грамотасын” табыстады.
Еске сала кетейік, Жалағашта суға батып бара жатқан тұрғынды полиция қызметкері құтқарып қалған болатын.