Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. 

Кеше Жалағаш ауданы орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге Жалағаш кенті мен ауылдық округтерден сыр маржаны, ет, сүт, балық, картоп, сәбіз және басқа да бақша өнімдері мен жем-шөп әкелінді.

Жәрмеңке өнімдері нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан бағада сатылды. Жергілікті өнімге деген халықтың сұранысы жоғары. Баға тұрақтылығын сақтауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі алдағы уақытта жиі ұйымдастырылатын болады.

Тағы да оқыңыз: