Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Исламбек  Төлегенов Жалағаш ауданында жұмыс сапарымен болды.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесі, құқық қорғау органдарының басшылары, кент, ауылдық округі әкімдері мен бөлім, мекеме басшылары қатысуымен кездесу өтті.

Жиында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алудағы профилактикалық шаралардың тиімділігі, пробация және полиция есебінде тұрған тұлғалар мен бұрын сотты болғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің деңгейі, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, алкоголь өнімін  рұқсатсыз өткізген тұлғаларды жауаптылыққа тарту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алудағы профилактикалық шаралардың тиімділігі туралы аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мәулен  Өсер хабарлама жасады.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат  Бөлембаев пробациялық бақылауда және полиция есебінде тұрған тұлғалар мен бұрын сотты болғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің деңгейі туралы баяндады.

Аудан бойынша пробация қызметінің инспекторы Еркін Оразалыұлы пробация қызметінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

–    Ауданда құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта да құқық бұзушылыққа итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды әлеуметтік бейімдеу, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында аудандағы құқық қорғау органдары және тиісті мекемелермен жұмыстар жалғасын табатын болады. Аудан әкімдігі өз кезегінде әрдайым бірлесіп жұмыс жасауға дайын және ауданның атқарушы органдарының қызметкерлері де өзінің лайықты үлесін қосады деп сенеміз,– деді Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов.

Тағы да оқыңыз: