Жалағашта күріш ақтау цехының құрылысы басталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Жалағашта күріш ақтау цехының құрылысы басталды

06.08.2020, 10:20

299 0

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданына қарасты Ақсу ауылында күріш ақтау және құрама жем өндіру цехының құрылыс жұмыстары басталды.

«Бірлік Агро» шаруа қожалығының төрағасы, кәсіпкер Мұрат Елеусінов кәсібін ұлғайту, өндіріс аясын кеңейту мақсатында өз қаражаты есебінен цех құрылысын қолға алды. Цехтың жалпы құны 30 млн теңгені құрайды. Мемлекеттік қолдау шаралары ретінде ауылдық округ аумағынан цехқа көлемі 3 гектар жер табысталды.

Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қазан айында аяқталады деп күтілуде. Цех іске қосылғаннан кейін тәулігіне 10 тонна күріш салысын ақтайды. Сонымен қатар жоба толығымен жүзеге асқаннан кейін ауыл азаматтары тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

0

Пікір қалдыру