Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданы орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлер жөнделуде.
Өткен жылы демеушілердің көмегімен 10 көппәтерлі үйлердің қас беттеріне сырлау-әктеу жұмыстары жүргізілсе, 6 көппәтерлі тұрғын үйлер шатырланып, аумақтары тазартылды. Бұл туралы Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шәменов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Ал аудандық бюджеттен 6 миллион теңге бөлініп, кенттегі 5 көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Жоба құны 43 млн. теңгені құрайды.
Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2020 жылы Жалағаш кентінен 10 несиелік тұрғын үй салынып, оның 3-і бағдарлама арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталды. Қалған тұрғын үйлерді баспана кезегінде тұрған азаматтарға бағдарламаға сәйкес табысталмақ. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын тауып, 20 несиелік және 10 жалдамалы тұрғын үйлер салу жоспарлануда.