Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданындағы Мәдениет ауылдық округінде 101 жастағы Өтеш Маханова дауыс берді.

«Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Бұған дейін де көптеген саяси науқандарды өткердік. Бұл жолғы сайлаудың мәні бөлек. Халық оң өзгерістер мен жаңаша бастамалар күтеді. Ел ертеңі үшін мен де өз таңдауымды жасадым. Мемлекетімізде тек татулық пен бейбітшілік болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай» деген қарт сайлаушы батасын берді.

Айта кетейік, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.
 

Тағы да оқыңыз: