Kyzylorda-news.kz. Бүгін Жалағаш ауданы әкімінің міндетін атқарушы Арнұр Нұрмағанбетов аудан тұрғындарын кезектілікке сәйкес жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу кезегі бойынша мәселелерімен жүгінді.
Естеріңізге сала кетейік Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 50 тұрғын үй сатып алуға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлер арқылы Жалағаш кентінде тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қабылдауда көтерілген жеке мәселелерге заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, тұрғындардың ұсыныстары назарға алынып, алдағы уақытта жауапты сала басшылары жұмыс жасайтын болады.
Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.