Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қаракеткен, М.Шаменов, Ақсу, Таң ауылдық округтері және Далдабай елді-мекенінде, сондай-ақ Аққыр, Мақпалкөл, Жаңаталап, Мәдениет, Мырзабай ахун ауылдық округтерінде «Мүмкіндіктер алаңы» кеңес беру шарасы өткізілді. Кездесуге ауылдық жастар белсене қатысып, өздерінің толғандырған сұрақтарына жауапты мамандардан жауап алды.

Іс-шараның мақсаты қазіргі таңдағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту және жастардың сұранысындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету болып табылады.Іс-шараға халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Ж.Талапберген, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы О.Камаладин және жастар ресурстық орталығының директоры Н.Амандық қатысты.Іс-шара барысында сала мамандары қабылдау өткізіп, жастардың көкейіндегі сауалдарды тыңдап, мемлекеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктер жайлы кеңінен баяндады.Осы тақырыптағы халықпен кездесулер ауданымызда алдағы уақытта жалғасын табады.

Тағы да оқыңыз: