Kyzylorda-news.kz. Қазір мемлекет кәсіпкерлік саласын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Тіпті түрлі жобаларды қаржылай қолдайтын арнайы бағдарламалар да бар. Бастысы, ынта болса, іс бастап, оның көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік мол. Қарапайым халықтың да қазір кәсіп бастауға ынтасы жоғары. Оған бір ғана Жалағаш ауданында саланың дамуынан көз жеткізуге болады. Аудан бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар шеңберінде Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбетпен сұхбаттасқан болатынбыз. Сөзінше, жылдың алғашқы алты айында ауданда салада серпін қалыптасыпты. 

Айта кетейік, 2023 жылдың 6 айында аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3 302 бірлікке жеткен. Бүгінде оның 3 135 субъектісі немесе 94,9 пайызы нақты жұмыс жасап тұр екен. Ал, тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 167. Жыл басынан бері Жалағаш ауданында кәсіпорындар 218-ге көбейген.Жасұлан Ерданұлы ауданда макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша да жақсы нәтиже барын айтады. Мәселен, 2023 жылы 18 млрд 769 млн теңге инвестиция (бюджет қаражаты есебінен 5 млрд 220,2 млн теңге және меншікті қаражат есебінен 13 млрд 548,8 млн теңгеге) тарту жоспарланса, 6 айда  негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 7 млрд 668, млн теңгені құраған. Меже өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 191,2 пайызға орындалды. 

– Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы 2023 жылдың 1 шілдесіне 18 млрд 110 млн теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 199.8 пайызға жоғары орындалып отыр. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5 млрд 225 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 130,6 пайызға жоғары орындалды. Сонымен қатар, аудан бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі 6 айда 1 млрд 198 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,7 пайызға  орындалып отыр, – дейді Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жасұлан Ерданұлы. 
Жалағашта алғашқы жарты жылдықта мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бағытында 76 жоба 1 млрд 494,2 млн. теңгеге қаржыландырылған. Оның ішінде, мал шаруашылығы бойынша 52 жоба 381 млн теңгеге, егін шаруашылығы бойынша 10 жоба 745,8 млн теңгеге, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу бойынша 7 жоба 139 млн теңгеге, қызмет көрсету саласы бойынша 9 жоба 208 млн теңгеге қаржыландырылған.

2022-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банк арқылы несиенің пайыздық үстемақысын субсидиялау бағыты бойынша 2 жоба 115,7 млн. теңгеге қаржыландырылған. Сондай-ақ, «Агро Несие Корпорациясы» АҚ облыстық филиалының жеке қаражаты есебінен 35 жоба 653,6 млн теңге қаржылай қолдау тапқан. Мұнан бөлек «Қызылорда» Өңірлік инвестциялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ның «Іскер», «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 28 жоба 273,5 млн. теңгеге қаржыландырылды. Ал «Агробизнес» бағдарламасы аясында «Ауыл» несие серіктестігі» ЖШС арқылы 9 жоба 435 млн. теңге қаржылай қолдау тапқан. Сондай-ақ «КазАгроҚаржы» АҚ және «КомТрансЛизинг» ЖШС арқылы 2 жоба 16,5 млн. теңгеге қаржыландырылды.Қазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша ауылдық жердегі тұрғындардың табысын арттыру мақсатында «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Бөлім басшысы аудан бойынша шамамен 1млрд 48 млн 900 мың тенгені құрайтын 149 жобаның құжаттары жинақталып, қаржыландыруға дайын тұрғанын айтады. Аталған жобалар Жалағаш кенті және ауылдық округтер бөлінісінде жасалған. 

– Жинақталған жобаларды саласына бөлетін болсақ, өңдеу саласына қатысты 9 жоба, оның ішінде сүт өңдеу бойынша 1, жылыжай кешені бойынша 2, ет өңдеу саласы бойынша 6 жоба бар, өсімдік шаруашылығы саласына қатысты 2 жоба, мал шаруашылығы саласы бойынша 132 жоба, басқа да салалар шеңберінде 6 жоба дайындалған. Сонымен қатар, копперативтерді дамыту бағытын өңдеу, өсімдік, мал шаруашылығы салаларына қатысты жобаларды ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне біріктіру жұмыстары жүргізілуде, – дейді ол. 

Бұл бағытта ауданда 12 кооператив құрылыпты. Алдағы уақытта кооперативтердің біреуі сүт өңдеу бағытында, он бір кооператив ет өңдеу бағытында жұмыс жасайтын болады. Жалпы ауылдық округтерде тұрғындарға кооперативтерге бірігіп, жұмыс жүргізудің тиімділігі туралы түсіндірілген.Жалағаш ауданында жыл көлемінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы және жеке қаражаттары есебінен жалпы құны 1 млрд. 579 млн теңгені құрайтын 21 жобаны іске асырып, 106 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда аталған жобалардан жалпы құны 431 млн теңгені құрайтын 11 жоба іске қосылып, 58 адам жұмыспен қамтылған.

Бүгінге дейін жеке кәсіпкер Ермекбаев Асхат «Антифриз өңдірісі» жобасын қолға алған. Оның жалпы  құны – 15 млн. теңге. Жоба қуаттылығы 1 тәулікте 1000 литр антифриз өңдіреді. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдауға ие болған.  5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант алған ол «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 6 пайыз мөлшеріндегі кепілдігінің арқасында 6 млн теңге көлемде несие алған. Жеке кәсіпкер жақында  антифриз өніміне СТ-KZ сертификатын алыпты. СТ-KZ сертификаты – тауардың Қазақстан аумағында өндірілгенін немесе өңделгенін растайтын құжат. Аталған сертификат ішкі пайдалануға арналған. Өндіріс орнында 2 адам жұмыспен қамтылған.

Жеке кәсіпкер Айбекова Бағжан Дәуімбай елді мекенінен құны 200 млн. теңге типтік жобадағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілі жоспарына сәйкес, 120 орындық 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған «Жеті-қазына» балабақшасын ашқан. Балабақшада 18 адам жұмыспен қамтылған. сондай-ақ тағы бір кәсіпкер Күзеков Икрам «Арун KIDS» 50 орындық балабақша ашыпты, «Қызылорда» Өңірлік инвестциялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС арқылы кәсіпкер 7 млн. теңге несие алды. Бүгінде ол 9 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Сыздық» ШҚ-ның күріш ақтау және жем өндіру зауыты да бүгінде нәтижелі жұмыс жасап тұр. Жобаның жалпы құны 100 млн теңгені құрайды. Жоба жетекшісі Шажанбаев Мұрат өнідіріс орнында 8 адам жұмыспен қамтып отыр. Зауыттың тәулігіне 60 тонна күріш ақтау қуаттылығы бар. Жеке кәсіпкер Қошқарбаев Болаттың көлік жуу орталығыда бүгінде көлік тізгіндегендердің қажетіне жарап тұр. Жобаның жалпы құны 20 млн теңгені құрайды. Көлік жуу орталығында 3 адам жұмыспен қамтылған.

Алдабергенов Біржанда кәсіптің осы түрін қолға алған. Ол көлік жуу орталығын ашып, халыққа қызмет етуде. Жобаның жалпы құны 13 млн теңгені құрайды. Көлік жуу орталығында кәсіпкер 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жеке кәсіпкер Усерова Гулмираның сауда дүкені де бүгінде мұндағы елдің қажетіне жарап тұр. Жобаның жалпы құны 20 млн. теңгені құрайды. Сауда дүкенінде 2 адам жұмыспен қамтылған. Аекеева Айсәуленің ерекше балаларға арналған оңалту орталығы да жұмысын бастағанына көп болған жоқ. Жоба жалпы құны 30 млн. теңгені құрайды. Бүгінде орталықта 5 адам жұмыспен қамтылған. Ал жеке кәсіпкер Дауылбаев Ерланның қоғамдық моншасы да бүгінде аудан халқына қызмет етуде. Жобаның жалпы құны 10 млн. теңгені құрайды. Қоғамдық моншада 3 адам жұмыспен қамтылған.

Сақи Біржанның көлік жуу орталығы да биыл жұмысын бастапты. Жобаның жалпы құны 10 млн теңгені құрайды. Көлік жуу орталығында 3 адам жұмыспен қамтылған. Ал жеке кәсіпкер Сыздыққызы Назгулдің кондитерлік цехында өндірілген өнімдерге бүгінде аудан халқынан сұраныс мол екен. Жобаның жалпы құны 6 млн. теңгені құрайды. Кәсіпкер бүгінде 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жасұлан Еспенбет Жалағашта жыл соңына дейін жоспарланған жалпы құны 1 млрд. 148 млн теңгені құрайтын 10 жоба іске қосылғанда, 48 жаңа жұмыс орны ашылатынын айтады. Олардың қатарында М.Бисеновтың наубайхана құрылысы, жоба құны 10,0 млн. теңге (3 адам), «Бағдаулет 57» ФҚ-ның сүт өнімдерін өндіру фермасы, жоба құны 530,0 млн теңге (10 адам), «Баба» ШҚ-ның ешкі сүтін өңдеу цехы, жоба құны 20,0 млн теңге (4 адам), «АВ-AGRO» ЖШС-ның күріш ақтау зауыты, жоба құны 200,0 млн. теңге (5 адам), С.Әбдікеровтың 3000 басқа арналған тауық фермасы, жоба құны 91 млн. теңге (5 адам), жеке кәсіпкер Ш.Серіковтың 1000 басқа арналған құс фермасы, жоба құны 20,0 млн. теңге (3 адам), Айбекова Бағжанның сауда орталығы, жоба құны 97,0 млн. теңге (5 адам), Жеке кәсіпкер Кайпов Еркебұланның сауда орталығы, жоба құны 100,0 млн. теңге (5 адам), Ахметова Бақытгулдің сауда базары, жоба құны 60,0 млн. теңге (5 адам), Жеке кәсіпкер Намурадин Ерханның көлік жуу орталығы, жоба құны 20,0 млн. теңге (3 адам) бар екен.Жалпы, Жалағаш ауданында биыл мемлекеттік бағдарламалармен болсын, жеке қаражатымен болсын, іс бастап, жаңа жобаларды жүзеге асырып жатқандар көп екен. Бастысы, оның барлығы бүгінде халықтың қажетіне жарап тұр. Ал бөлім басшысы мұның барлығын жақсылыққа балап отыр. Себебі салада серпін қалыптасқан сайын ауданда жұмыссыздық деңгейі төмендеп, елдің тұрмыс сапасы артып жатқан көрінеді.

Тағы да оқыңыз: