maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жаңадария, Аламесек, Еңбек, Аққұм, Бұқарбай батыр ауылдық округтерінде «Мүмкіндіктер алаңы» кеңес беру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - қазіргі таңдағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту және жастардың сұранысындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету. Іс-шараға халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Ж.Талапберген, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы О.Камаладин және жастар ресурстық орталығының директоры Н.Амандық қатысты. Кеңес барысында сала мамандары қабылдау өткізіп, жастардың көкейіндегі сауалдарды тыңдап, мемлекеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктер жайлы кеңінен баяндады.

Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мүмкіндіктер алаңы» кеңес беру іс-шарасы Қаракеткен, М.Шаменов, Ақсу, Таң ауылдық округтері және Далдабай елді мекенінде жалғасын тапты. Іс-шараға халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Ж.Талапберген, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы О.Камаладин және жастар ресурстық орталығының директоры Н.Амандық қатысты. Кездесу барысында сала мамандары қабылдау өткізді. Сонымен қатар жастардың көкейіндегі сауалдарды тыңдап, оларға тұщымды жауап берді.

 

Тағы да оқыңыз: