Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу бағытында 2023 жылдың көктем және күзгі эпидмаусымы бойынша сақтық шаралары басталды.
Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын орындаушы мердігер мекеме «Дезинфекция» Ақтөбе облыстық бірлестігі» жеке медициналық мекемесі арқылы 7 техника 14 адам жумылдырылып Конго-Қырым қанды безгегі ауруына қарсы залалсыздандыру жұмыстарының I кезеңі 3 мамыр мен 5 мамыр аралығында, II кезеңі 2023 жылдың 12 мамыры мен 25 мамыры аралығында жүргізеді.
«Құрметті аудан тұрғындары! Залалсыздандыру жұмыстарына кедергі келтірмес үшін қора жайларыңызды тазартып, дайындық жұмыстарын жасауға шақырамыз», - дейді сала мамандары.
Дәуімбай учаскесінде 8 көше күрделі жөндеуден өтеді
Жалағаш кенті Дәуімбай учаскесіндегі И.Панфилов көшесінің күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 2023 жылы Дәуімбай учаскесінде Мысық би, І.Нүркенов, А.Бектібаев, З.Ижанов, Ұлы Жеңістің 50 жылдығы, Т.Әбжалиев, А.Қазбеков көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жалағаштықтар жеңіс тұғырында
19-29 сәуір аралығында Шымкент қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы классикадан жекелей Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа "Наркескен" спорт клубының тоғызқұмалақ үйірмесінің жаттықтырушысы Кенжебекова Ақерке қатысып, жарысқа қатысқан 106 спортшының арасынан жүлделі ІІ орынды иеленді.
Ақерке Кенжебекова алдағы уақытта ересектер арасында өтетін Азия чемпионатына қатысатын болады.

