Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданы бойынша барлығы 331 шаруашылықтың 195-і егінмен және 136-сы мал шаруашылғымен айналысады.
Биылғы жылы аудан бойынша барлығы 37 079 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, күтімге алынды.
Су тапшылығы жағдайында аудан шаруашылықтары насос қондырғыларын пайдалану арқылы егінді сумен қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда аудан шаруашылықтары 40 дана су тартқыш насос қондырғыларын егінді суаруға пайдалануда.
2023 жылы ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңарту мақсатында 168,0 млн. теңгеге 11 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.
Егін шаруашылығымен бірге аудана мал шаруашылығы да тұрақты дамуда.
Сонымен қатар, аймақ басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті жерлерде картоп, бақша дақылдарын орналастыруға шаруашылықтардың демеушілігімен жаңадан 500 гектар жер дайындалып, 217 гектарына картоп, 63 гектарына көкөніс, 220 гектарына бақша дақылдары егіліп, күтімге алынды. Бұл жерлер 921 отбасыға үлестіріп берілді.
Бұдан бөлек, «Ер-Әлі» шаруа қожалығы егінді әртараптандыру бағытында 7,5 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен картоп, 2,5 гектар жерге бақша дақылдарын орналастырды.