Kyzylorda-news.kz. Өткен жылы Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы саласында 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шәменов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Оның бірі кенттегі «АгроХимСервис» ЖШС-нің минералдық тыңайтқыштарды өңдеу зауыты. Екіншісі, «Қарабура Ата-1» фермер қожалығының күріш ақтау зауыты. Тәулігіне 60 тонна Сыр салысын ақтайды. Үшіншісі «Толғанай» шаруа қожалығының «Мүйізді ірі қара малын бордақылау алаңы».

“Ауданда мал басын арттыру мақсатында шаруа қожалықтар мемлекетттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып келеді. Нәтижесінде ет өндіру 1,2 пайызға, сүт өндіру 0,9 пайызға, жұмыртқа 1,6 пайызға артты. 2020 жылы мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар 78 млн теңге көлемінде субсидия алды”, – деді аудан әкімі Асылбек Шәменов.

Ауданда мүйізді ірі қара –1,7, жылқы – 3,1, түйе – 25,1, қой-ешкі – 4,4 пайызға көбейген.

Тағы да оқыңыз: