Kyzylorda-news.kz Жаз мезгілінде тұрғындардың су айдындарында шомылу белсенділігі артатындықтан, белгіленбеген орындарда суға түсуге жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қайғылы жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтілуде.
Осыған орай, Жалағаш ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі, Жалағаш кенті әкімі аппараты, Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мамандары бірлесіп, Сырдария өзені жағалауына және Жалағаш кентіне жақын су айдындарында рейд жұмыстарын жүргізді.
Су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – тыйым салынған жерлерде шомылу, мас күйде суға түсу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру. Сондықтан да, кент тұрғындары мен қонақтарын мұқият болуға, тек белгіленген орындарда шомылуға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
Фото: Жалағаш кенті әкімі аппаратының баспасөз қызметі