Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиев Жалағаш кентіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, сала басшылары мен мамандарына бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Бүгінде кенттің ішкі көшелерін жөндеу және күтіп ұстау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл облыстық бюджеттен бөлінген 493 млн теңге қаржы есебінен Наурыз ықшам ауданындағы С.Ахметов және И.Әбдікәрімов көшелеріне, сондай-ақ Өмірбай шешен, Б.Сопбеков, Н.Әлмағанбетов, А.Бисенов, Тоғанас батыр көшелерінің соңғы бөліктері мен О.Сарманов көшесіне асфальт төсеу жұмыстары атқарылуда.
Жол жөндеу жұмыстарын аралау барысында аудан әкімі жол жабынының сапасына, құрылыс технологияларының талапқа сай сақталуына және жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталуына ерекше назар аударуды тапсырды.

