Бұқарбай батыр ауылында 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 81 жылдығы және ауданның Құрметті атбегісі Әділбек Нұрмағанбетовтың 70 жасқа толуына орай ұлттық ат спорты түрлерінен облыстық облыстық деңгейдегі кең ауқымды жарыс ұйымдастырылды.

Жарыс басында сөз алған Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов қатысушыларды 9 мамыр - Ұлы Жеңіс мерекесімен және мерейтой иесін құттықтап ел игілігі жолындағы еңбегін атап өтті.

Додаға өңірдің әр ауданынан келген шабандоздар қатысып, жүйріктердің бабын, шабандоздардың шеберлігін көрсетті. 
«Құнан бәйге», «Тай бәйге», «Аламан бәйгелер» ұйымдастырылып, жүлдеге қаржылай сыйлықтар табысталды.

Атшабарда ат майдан салған жүйріктердің барлығы дерлік бұған дейін де талай жүлдені еншілеп жүрген бәйге аттары. Бүгінгі ат жарыста осындай республикаға танымал жүйріктер бәйгеге қосылып, ұлан-асыр тойдың көркін қыздырды. 4, 8, 18 шақырымға дейін шауып келген бәйге аттары төрешілердің әділ төрелігімен жүлделерін еншіледі. 
Ұйымдастырушылар тарапынан бәйгенің түрлеріне қарай  қаржылай сый-сияпат үлестірілді.

Бұл жарыс – елдік пен ерлікті дәріптеген, ұлттық дәстүр мен атбегілік өнерді ұрпақ жадында жаңғыртқан тағылымды шара болды

Тағы да оқыңыз: