Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиев кезектілік тәртібімен аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

Әрбір өтініш бойынша жауапты сала басшыларының қатысуымен мәселені жан-жақты зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Аудан әкімі тұрғындардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын айтып, көтерілген мәселелердің шешілу барысын бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің жеке қабылдауына eGov порталы, e-Otinish бірыңғай платформасы арқылы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.

Тағы да оқыңыз: