Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданындағы Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің жоғары сынып оқушыларына кәсіптік кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды.

Кәсіптік кеңес беру - кәсіптік тұлғаны зерттеуге негізделген кәсіптік өздігінен анықтауға көмектесетін іс-шаралар жүйесі, соның ішінде кәсіптік диагностиканың нәтижесінде кәсіпті саналы таңдауда психологиялық-педагогикалық әсер ету болып табылады.

Осы мақсатта, 10-11 сынып оқушыларына Бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыру, бесінші пәнді таңдау, 9 және 11 сыныптарда оқушылардың қызығушылығын, бейімділігін, психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау, болашақ мамандықты соңғы рет таңдауға көмек көрсету мақсатында тереңдетілген диагностикалау нәтижелері жүргізіледі.

Мамандықты таңдау бойынша консультациялар орта білім беру ұйымдарының, отбасылардың, техникалық және кәсіптік, жоғары және немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен өткізіліп келеді. 

Кәсіптік бағдар берудің кешенді жүйесін ұйымдастыру үшін өңірдің кәсіпорындары, сұранысқа ие және перспективті мамандықтары, техникалық және кәсіптік ұйымдар, жоғары және немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу туралы ақпараты бар бірыңғай ақпараттық база құрылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 

316268792_806764680614699_5158283993425544107_n.jpg

316134514_806764833948017_3379104686589877155_n.jpg

316117108_806765377281296_2808186028103857111_n.jpg

Тағы да оқыңыз: