Kyzylorda-news.kz. Бүгін Жалағаш ауданы әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен «Birge: Taza Qazaqstan» республикалық акциясын қорытындылау туралы мәжіліс өтті.

«Күннің ыстығы мен желдің өтінде тынбай еңбек етіп, тазалыққа жете мән беріп, туған жеріне жанашырлықпен қарайтын қарапайым еңбек азаматтары қашан да зор құрметке лайық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдау мақсатында аймақ басшысының ұсынысымен келесі жылдан бастап облыс көлемінде конкурс арқылы «Үздік аудан орталығы», «Үздік ауыл» және қала ішіндегі «Үздік мөлтек аудан» анықталып, жеңімпаздарды қоғамдық ұйым өкілдері, экобелсенділер мен еріктілерден құралған тәуелсіз комиссия таңдайтын болады. Алдағы уақытта тазалығы бойынша үздік атанған ауылдарға жаңа саябақ, ойын алаңы мен бағалы сыйлықтар берілмек», - деді аудан басшысы.

Шарада осы уақытқа дейін кент ішінің санитарлық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысып, өз жұмыстарын мінсіз атқарған бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің және облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

7.jpg

8.jpg

Тағы да оқыңыз: