Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында жалпы спорт саласын дамыту үшін ең бірінші спорт инфрақұрылымын кезең-кезеңімен салуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Осыған орай ауданда спорт саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Қайыржан Құлтекеновтың жеке қаражаты есебінен Жалағаш кентінде құны 320 млн. теңгені құрайтын жабық бассейн кешені салынып, пайдалануға берілді.

Кешенде 19 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, үйірмеге 100-ге жуық балалар қамтылып, күніне 30 адамға дейін ақылы қызмет көрсетуде.

Аудан орталығынан демеушілік қаражат есебінен балаларға арнап спорт және ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді. Аудандық бюджеттен бөлінген 14 млн. теңгеге 3 шағын спорт алаңы салынды.

Жалағаш кентінде жалпы құны 471 млн теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына 217,3 млн. теңге қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы нысан пайдалануға беріледі.
Жыл аяғына дейін кент орталығынан “Айбар-Ш” ЖШС демеушілік есебінен балаларға арналған Стритбол алаңы салынып, аудан тұрғындарының игілігіне беріледі.

Спорт – денсаулық кепілі десек, ұлттық бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысатын аудан халқы саны 10 664 яғни 30,3 пайызды құрайды.
Алдағы уақытта 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 35 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.

Тағы да оқыңыз: