Kyzylorda-news.kz. Биыл «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Жалағаш кентінде 6 көше жөнделеді.

Аудан әкімі Асылбек Шаменов Жалағаш кентіндегі Әйтеке би көшесіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысып, кент әкімі Ғалымжан Телібаевқа жолдың сапасын бақылауға алуды тапсырды.

Атап айтқанда Б.Сопбеков, А.Иманов, А.Бисенов, Сәрке батыр, Әйтеке би, Қазыбек би көшелері жөнделеді. Көшелерді жөндеу жұмыстарына мердігер арқылы 161 адам, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 161 адам, барлығы 322 адам жұмыспен қамтылмақ.

Тағы да оқыңыз: