Kyzylorda-news.kz. Халықтың негізгі тұтынатын өнімі – азық-түлік. Сол себепті бұл өнімдерге сұраныс жоғары. Сұраныс жоғары болғандықтан бағада көтеріңкі болады. Оның үстіне базарда сатылатын бау-бақша өнімдерінің дені сырттан тасымалданады. Ал жергілікті бау-бақша дақылдарының өнімі аз. 

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданына сапарында ауданның облыс орталығына жақын орналасуы бау-бақша мен фермерлік кәсіпті дамытуға мүмкіндік беретінін және соның нәтижесінде халықтың әлеуеті түзеліп, азық-түлік бағасы да тұрақталатынын баса айтқан еді. Осы орайда, биыл аудан шаруашылықтары егін шаруашылығын әртараптандыру мақсатында бақша дақылдарын егуді қолға алған болатын. Солардың бірі Мақпалкөл ауылдық округіне қарасты «Ер Әлі» шаруақожалығын айтсақ болады. Бүгінде шаруақожалық еккен картоп, сәбіз өнімін делдалсыз тұрғындарға тікелей қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру мақсатында Жалағаш кентінің тұрғындары үшін арзандатылған бағада сатуда.

Нақтырақ айтсақ, картоптың келісіне "Челленджер" сорты 120 теңге болса, сәбіздің "Тангерина F1 гибрид сорты 125 теңгеден өткізіліп жатыр.

Ал шаруақожалықтың төрағасы Әліби Бекжановтың ең бірінші мақсаты жиналған өнімді сырт өңірлерге қымбат бағамен сатып, пайдаға кенелу емес, аудан халқын картоп, сәбіз көкөністерімен қамтамасыз етіп, бағаны тұрақтандыруға үлес қосу екен. 

«Биыл біз шаруашылықта 24 гектарға картоп, 5 гектарға сәбіз ектік. Өнім көлемі жаман емес. Өнімді сатуда бірінші өзімнің жерлестерімнен бастап жатырмын. Жалағаш ауданының тұрғындарын толықтай қамтамасыз еткеннен кейін ғана облыс орталығымен қоса басқа аудандарға жеткізу жоспарда бар», – дейді Әліби Бекжанов. 

314487176_1586257778492961_7805807518877491969_n.jpg

316176636_1586257761826296_6395116703490079987_n.jpg
 

Тағы да оқыңыз: