Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиев кент орталығындағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, жұмысымен танысты.

Алдымен «Ақниет» құрылыс заттары сауда үйіндегі құрылысқа қажетті сұйық желім өндіретін цехтың жұмысын көрді. Мұнда құрылыс қоспаларының 7 түрі шығарылады.

Сонымен қатар, «Далида» сауда орны аумағындағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, санитарлық тазалықты сақтау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын белгіленген шектен асырмау қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарының қасбеттерін ретке келтіру және тазалық талаптарының сақталуы бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Жалағаш ауданының әкімі кәсіпкерлік нысандарды аралау 2.jpg

Тағы да оқыңыз: