Kyzylorda-news.kz  Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов аудан орталығындағы автовокзал мен темір жол вокзалын аралап көріп, жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасау бағытында инфрақұрылымын жаңарту бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Нысандарды аралап көрген аудан әкімі ғимараттардың сыртқы бейнесі мен инфрақұрылымын жаңарту, күту залдарын қазіргі стандарттарға сәйкестендіру, санитарлық талаптарды сақтау және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажет екенін ескертті.

«Автовокзал мен темір жол вокзалы – ауданның бет-бейнесі.  Сондықтан бұл нысандардың тазалығы, тәртібі, техникалық жағдайы, келбеті және қызметі де заманауи әрі талапқа сай болуы тиіс», – деді Ардақ Ибраимов.

Сонымен бірге, Б.Құлтекенов атындағы бассейн, Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автожолы бойында орналасқан «Достық» кешенінің санитарлық жай-күйі, көрсетілетін қызмет сапасы және инфрақұрылымдық жағдайы зерделенді.

Аудан әкімі қызмет сапасын арттыру, нысандардың халыққа жайлылығын, тазалығын тұрақты түрде сақтау, сыртқы келбеті мен қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында бірқатар тапсырмалар берді.

Сондай-ақ Бодыбай Құлтекенов атындағы бассейн мен Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автожолы бойындағы «Достық» кешенінің санитарлық жағдайы, қызмет деңгейі және инфрақұрылым мүмкіндіктері зерделенді.

Аудан әкімі туристік бағыттағы нысандарда тазалық пен жайлылықты сақтау, сыртқы келбетін ретке келтіру және сервистік қызмет сапасын арттыру бойынша жауапты мамандарға нақты міндеттер жүктеді.

FB_IMG_1752555705727.jpg

Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: