Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов аудандық емхананың қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Аудандық емхананың бас дәрігері Еркебұлан Мақсұтов биылғы жылдың 8 айында ауданда денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыс барысына шолу жасады.

Бас дәрігердің айтуынша, қазіргі таңда 33 190 аудан халқына - аудандық орталық аурухана, аудандық емхана,12 дәрігерлік емхана, 2 фельдшерлік - акушерлік бекет, 2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда аудандық емхана заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Жүрек ауруы науқастарына тәуліктік Холтер мониторы, Жүрек ауруларын ерте диагностикалауға Тредмил тест жабдығы, өкпе спирограф жабдығы, жалпы шолу рентген диагностикасы, физиотерапияның барлық түрлері, емдік-дене шынықтыру бөлмесі жұмыс жасайды.

Аудан әкімі мекеме басшылығына облыс және республикалық деңгейде біліктілікті арттыруға тапсырма берді. Сонымен қатар атқарылып жатқан жұмыстардың барлығын халыққа әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыра отырып насихаттауға ұсыныс тастады.

Аудан басшысы ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы маңызын айта отырып жұмыстарына сәттілік тіледі.

309413354_1545165672602172_7708143345092976753_n.jpg
309461235_1545165782602161_6225505502401590534_n.jpg

Тағы да оқыңыз: