Kyzylorda-news.kz. Бүгінде, елімізде заман талабына сай көптеген индустриялық бағдарламалар өмірге келіп, қолданысқа еніп, жүзеге асып жатыр. Соның арқасында өнім өндіретін өнеркәсіптер саны артуда. Ал өнеркәсіп қатары толыққан сайын сөз жоқ, өнеркәсіп қалдықтары да шығады. Оның сыртында қаншама тұрмыстық қалдықтар бар. Сол қалдықтарды өңдеп, қайта іске жарату – кезек күттірмейтін міндет. Егер ондай қадамға бармасақ, экологияға кері әсерін тигізіп қана қоймай, адамзаттың өміріне қауіп төндіреді, залал әкеледі. Түрлі ауруларға шалдықтырып, айықпас дертке ұшыратуы әбден мүмкін.

Осы орайда Жалағаш кентінде «Адима» жеке кәсіпкері картон қалдықтары мен макулатурадан эковата шығаруды қолға алды.

Кәсіпкер Жалағаш кентінің полигон құрылысы үшін берілген уақытша жер учаскесінде жер алып, эковата өндіретін цехты іске қосты.

Цехтың өндірістік қуаттылығы сағатына 150 кг өнімді өндіру құрайды.
Эковата –целлюлозалық жеңіл жылу жабдықтаушы материал және оның 80 %-ы картон және қағаз макулатурасынан, 12 %-ы бор қышқылынан және 7 %-ы оттан қорғайтын антиперен (бура) қоспасынан тұрады.

Эковата құрылыс жұмыстарында, соның ішінде жылу изоляциялық жабдықтау мақсаттарда кеңінен қолданылады.

Өндірістік цех ашу үшін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант қаражатын алып, өндіріске қажетті құрал жабдықтарын сатып алып орнатты. Қазіргі уақытта цехта 2 адам жұмыспен қамтылған.

Тағы да оқыңыз: