Kyzylorda-news.kz. Биыл аудан бойынша 36 665 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп , өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артты.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев мәлімдеді.

«Биыл диқандар ерең еңбектің үлгісін көрсетіп 21800 гектар күріштің әр гектарынан 63,0 центнер өнім жинады.Сонымен қатар, егілген картоптан 6090 тонна, 18373 тонна көкөніс, 26268 тонна бақша дақылдарынан өнім алынды. Диқаншылықты кәсіп еткен аудан диқандары үшін инженерлік жүйеге келтірілген жердің маңызы өте зор»,-деді Қайратбек Әубәкірұлы.

Бүгінде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 41 техника сатып алынды. Еске сала кетейік, үстіміздегі жылы облыс бойынша агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында ең жоғарғы көрсеткішке жеткен Жалағаш ауданы « Алтын дән» мерекесінде бірінші орынды иеленді.

Тағы да оқыңыз: