Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиев Аққыр, Жаңаталап және Мақпалкөл ауылы тұрғындарымен кездесіп, ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты. Кездесуге ауданнан сайланған облыстық мәслихат депутаты Әмір Шаймағанбетов, аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, сондай-ақ, тиісті мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Кездесу барысында тұрғындар аяқсу, абаттандыруға қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жобаларды қаржыландыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Елдің мәселесі – ортақ міндет. Әрбір ұсыныс назарға алынып, көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіледі», - деді Е.Төрәлиев.

Аққыр және Жаңаталап ауылдарындағы аяқсу мәселесін шешу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, қаржыландыру сатысында тұр.

Мақпалкөл ауылындағы ауылішілік жолдарды жөндеу бойынша да жобалық-сметалық құжат әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылған.

Кездесуден кейін аудан әкімі ауылдардағы білім беру және спорт нысандарын аралап, олардың жағдайымен танысты. Сондай-ақ жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді.

Жалағаш нысандарды аралау, тұрғындармен кездесу 2.jpg

Тағы да оқыңыз: