Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов аудан тұрғындарын кезектілікке сәйкес жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын кезегіне тіркелу мәселелерімен жүгінді.
Қабылдауда көтерілген жеке мәселелерге заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, тарғындардың ұсыныстары назарға алынып, алдағы уақытта жауапты сала басшылары жұмыс жасайтын болады.
Аудан әкімі Асқарбек Есжанов тұрғындардың талап тілегінің орындалу барысын жеке қадағалауда ұстайтынын айтты.