Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Темірбекұлы Есжанов кезектілік тәртібімен тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Тұрғындар тарапынан жұмыссыздық және тұрғын үй мәселелері көтерілді. Кәсіпкерлікті дамыту мен спорт саласындағы жетістікке жеткен тұлғаларды насихаттау мақсатында да ұсыныстар айтылды.
Жалағаш ауданының әкімі 2023 жылы Жалағаш кентінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 50 отбасын жаңа баспанамен қамту және алдағы уақытта үй санын 100 баспанаға ұлғайту жоспарланғанын жеткізді.
Азаматтарды жеке-жеке қабылдаған Асқарбек Темірбекұлы жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Жалағаш халқы жерлестерімен мақтанады
Қазақстан Республикасындағы медицина ғылымын дамытуға және отандық ғылымды дамыту стратегиясын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін «А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ ҚР ҰҒА Басқарма төрағасы, м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, жерлесіміз Болатбек Бимендеұлы Баймаханов Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының «Алтын медалімен» марапатталды.
Болатбек Бимендіұлын барша жалағаштықтар атынан құттықтаймыз.

