Kyzylorda-news.kz. Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Темірбекұлы Жалағаш кентінің санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстары бойынша берілген тапсырмалардың орындалуымен танысты.

Кенттегі санитарлық тазалықты бақылауға алған аудан әкімі Асқарбек Есжанов кәсіптік нысандардың сыртқы жарнама тақтайшаларын жаңарту қажеттігін, қас келбетін әрлеп, абаттандыру жұмыстарын қайта жасауды тапсырды.

Сонымен қатар, Жалағаш кентіндегі жаяу жүргіншілер жолында тұрғындар қозғалысына кедергі келтіріп, ескерту белгісіне қарамастан тәртіп бұзған көліктерге авто тұраққа тұру қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, Асқарбек Есжанов кент көшелеріне орналасқан балалар ойын алаңдары мен спорттық жабдықтардың жұмыс сапасымен танысып, жөндеу қажет ететіндерін қайта қалпына келтіруді тапсырды.

Жалағаш кентінің келбетін жаңарту мақсатындағы жаңа жобаларға қосымша өзгертулер енгізіп, айтылған тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Тағы да оқыңыз: