Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Темірбекұлы Есжанов 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік концертке қатысты.

Мерекелік шара барысында аудан әкімі мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, елдің рухани дамуы мен кемелденуі жолында маңызды мәнге ие мамандарға алғыс білдірді.

«Өнерлі ел - өрісті ел. Қазақ өнері мен мәдениеті сонау ықылым заманнан тарих тереңінен сыр тартып, халықпен бірге жасап келеді. Қазақ халқының басынан қаншама қилы тағдыр өтсе де жасампаз өнер өшкен жоқ. Сол бір қиын кезеңдерде өнер халықтың болашаққа деген үміт сәулесін өшірмей, биік арман мұраттарға жетеледі, елдің рухын асқақтатты» деді Асқарбек Есжанов.

Мәдениет пен өнер саласындағы мәртебелі мамандық иелеріне «Еңбек даңқы» төсбелгісі табысталып, облыс әкімінің және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілдерінің маңыздылары мәдениет пен өнер екені анық.

Тағы да оқыңыз: