Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Президенттінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында бүгін Жалағаш ауданы әкімі Асқарбек Есжанов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтініш-тілектерін жеткізіп, мәселелерінің оң шешімін табуына ықпал жасауын сұрады. Қабылдауға келген тұрғындардың көбі әлеуметтік жағдайды жақсарту, яғни жұмыссыздық мәселесін алға тартып, тұрақты жұмысқа орналасу сұрағымен жүгінді. Жұмыссыздық мәселесімен келген тұрғындарға мамандықтарына сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігі түсіндірілді. Сонымен қатар, ауданда өзін-өзі жұмыспен қамтуға мемлкеттен қолдау көп екенін алға тартып, кәсіп ашуға да болатынын жеткізді.
Аудан басшысы басқа мәселелер бойынша да тиісті заңдылықтарға сәйкес жұмыстар жүргізетінін айтты. Аудан әкімі Асқарбек Есжанов аудан әкімінің жауапты орынбасарлары мен тиісті сала басшыларына жеке қабылдауға келген әрбір азаматтың мәселесін бақылауға алу жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан айтылған мәселелердің барлығы өзінің тікелей бақылауында болатындығын жеткізді.


