Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде жазғы мезгілде суға шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары, елді мекендердегі өрттерді сөндіру және елді мекендерден ашылған өрт сөндіру бекеттерінің жай-күйі, аудан көлемінде жедел ішек инфекциялары мен топтасқан тағамнан улану ауруларының індеттік маусымында аурушаңдық деңгейін тұрақтандыру, алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстары туралы негізгі мәселелер қаралды.

Жалағаш ауданының су айдындарындағы суға түсу маусымында келеңсіз жағдайларды болдырмау және олардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын одан әрі күшейту мақсатында Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов сала мамандарына тұрғындар арасында кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларының тізімін анықтап тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларын бассейнге ақысыз суға шомылуды ұйымдастыру, «Ақтерек» сауықтыру лагерінде орналасқан бассейнді балалардың демалысы басталғанға дейін дайындығын қамтамасыз ету және ішек инфекцияларының алдын алу бағытында тиісті тапсырмалар берді.

Жалағаш ауданына қарасты, ауылдық округтерінде өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңімен құру туралы Қызылорда облысы әкімінің жоспарына сәйкес өрт сөндіру бекеттерінің ашылуы бақылауға алыну қажеттігін жеткізген Жалағаш ауданының әкімі бюджеттік қаржы есебінен ауыл әкімдері өкімімен құрылған ерікті өрт сөндіру жасақшыларын тиісті құрал-жабдықтармен, арнайы өртке қарсы киімдермен қамтамасыз ету бойынша шара қабылдап, өрт сөндіру бекеттерінің ашылуын маусым айының соңына дейін ұйымдастыруды тапсырды. 

Жалағаш ауданының аумағында эпидемиологиялық маңызды нысандардың санитарлық гигиеналық жағдайын бақылауға алып, жіті ішек аурулары және тағамнан уланудың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында санитарлық ағарту және түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мектеп, балабақшалардағы тамақтанатын орындарды санитарлық талаптарға сәйкес болуын және мектептерде балалардың ас рациондарының талапқа сай болуы мен жеткізілген ас өнімдерінің жарамдылық мерзімдері қатаң бақылауға алу туралы, ауыз су қоймаларына жылына екі рет «Жалағаш ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесі тарапынан механикалық тазалау, жуу-шаю жұмыстарының жүргізілуін бақылауға алу, инфекциялық аурулар тіркелген елдерден оралған азаматтарды көші–қон полиция қызметкерлері уақытылы есепке алуды және емдеу-сауықтыру мекемелеріне хабарлануын қамтамасыз ету тапсырылды. Комиссия отырысында берілген тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Әліби Қодарұлына жүктелді.

Құқық бұзушылық профилактикасын жүргізу шаралары қабылданды

Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.Күн тәртібіне сәйкес алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытында атқарылған шаралар және есірткі бизнесіне қарсы қылмыстардың алдын алуда атқарылып жатқан шаралар туралы екі мәселе қаралды.

Комиссия отырысында қаралған мәселелерге байланысты алаяқтық қылмысының, оның ішінде интернет алаяқтығы қылмысының алдын алу, орын алған қылмыстарды ашу мақсатында жедел профилактикалық іс-шараларды күшейту, қоғамдық орындарда «жұмысқа тұрғызамын, несие, пәтер алып беремін» деген мәтіндегі ілінген парақшалар бойынша сұрау жұмыстарын жүргізіп олардың соңында алаяқтар бар жоғын анықтауға бағытталған іс-шараларды қабылдау, мамыр айынан бастап облыс әкімі және облыс прокурорымен бекітілген «Есірткісіз аймақ» жобасы аясында кент және ауылдық округтерде құрылған топтардың жұмысын жандандырып, нақты шаралар қабылдау үшін тапсырмалар берілді.

Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес хаттама жасалып, хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру аудан әкімінің орынбасары Нұрмағанбетов Арнұр Әлібекұлына жүктелді.Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті. Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен өтетін аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті.

Жастар арасында экстремизм және терроризм көріністеріне бой бермеуді қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан шаралар және Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның ақпараттық қажеттілік тізбесімен жұмыс жүргізу туралы мәселелер қаралды.Жастардың діни санасы мен діни білімін қалыптастыру, сондай-ақ, бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын алу мақсатында әлеуметтік желі арқылы және білім бөлімімен бірлесіп оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастыру, шетелде діни білім алуға қызығушылық танытқан оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу, жұмыссыз және NEET санатына жататын жастардың қайта даярлаудан өтіп мамандық алуына ықпал жасау, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның ақпараттық қажеттілік тізбесі бойынша жауапты мекемелер атқарылған іс-шаралар бойынша толыққанды және уақытылы мәліметтерді ұсыну жөнінде тапсырмалар берілді.Комиссия отырысында берілген тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ғани Кенжеғараұлына жүктелді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қабылданды

Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарған жұмыстары және Мәдениет ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда атқарылған жұмыстар туралы мәселер қаралды. 

Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда атқарылып жатқан шаралар туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына және әлеуметтік желілерге тұрақты жариялау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында қысқа метражды фильмдер, бейнероликтер әзірлеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында кент және ауылдық округтерде сауалнамалар жүргізіу, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес жылына екі рет ішкі талдау жұмыстары жүргізу, азаматтарды әуреге салмай жеке қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша нақты шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берілді. Тапсырмалардың орындалуын аппарат басшысы Қайрат Ғалиұлына жүктелді.

 

Тағы да оқыңыз: