Kyzylorda-news.kz. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні мерекесіне орай бүгін аудан әкімі Асылбек Шаменов ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерін қабылдап, марапаттады.

“Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығы саласының дамуымен тығыз байланысты. Жалағаш ауданы биылғы жылы екінші мәрте облыста алдыңғы қатардан көрініп, толайым табыстарға қол жеткізді. Осындай жетістіктерге жетуіміз әрине, жаздай еселі еңбек еткен, маңдай терін төгіп, адалдықпен өз жұмысын атқарған еңбеккерлердің арқасы. Осы кездесуді пайдаланып, баршаңызға отанымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңіз бен өз істеріңізге жауапкершіліктеріңіз, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамын”, – деді Асылбек Шәменов.

Кездесуде сала қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің, облыс, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: