Kyzylorda-news.kz. Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне, дәрі-дәрмектердің жекелеген түрлері мен жанар-жағармайдың бағаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Жалпы бензин – жеңіл автокөліктерде қолданылатын негізгі отын. Тауарлар мен қызметтердің бағасы да белгілі бір дәрежеде оның құнына байланысты. Тауарларды тасымалдау шығындарын кәсіпкерлер ескереді. Мамандардың айтуынша, жыл сайын тұқым себу мен егін орағы науқандары алдында жанар-жағармай бағасы қымбаттайды. Биыл да солай болды ма? Бұл мәселе бойынша жалағаштықтар мониторинг жасаған болатын.
Жалағаш ауданындағы жанар-май құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бинзин баға тұрақтылығын сақтап еркін айналымда сатылымда. Дизель отыны жалпы талонмен сатылса, ал ауданға қарасты қоғамдық көліктерге еркін айналымда берілуде.
Мониторинг жұмыстары барысында Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған мониторинг жұмыстарына Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Қалдыгүл Дәулет, Прманов Уалихан, аудандық партия филиалының консультанты Асхат Ахметжамиев және аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің арнайы маманы қатысты.
