«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жалағаш кенті мен ауылдық округтерде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік барысында көшелер мен тротуарлар, қоғамдық орындар тазартылып, жол белгілері мен жол сызықтары жаңартылды.

 Аудан әкімі Ардақ Ибраимов сенбілік жұмыстарының барысын бақылап, жауапты мекемелерге аумақтардың тазалығын тұрақты сақтау, жиналған қоқысты уақытылы шығару және санитарлық жағдайды бақылауда ұстау жөнінде тапсырмалар берді.

Тағы да оқыңыз: