Kyzylorda-news.kz. Бүгін, Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Темірбекұлы Есжановтның қатысуымен «Наурыз шапағаты» қайырымдылық акциясы өтті.

«Наурыз шапағаты» қайырымдылық іс-шарасы – аудан азаматтарының ауызбіршілігі мен ынтымағын, қамқор көңілі мен мейірбандығын көрсететін рухани шара. Әр күні жылға азық болар берекелі мезгілде жақсылықтың тілекшісі болған жомарт жандар ата-баба рухына құран бағыштап, құрбандық шалды.

Ерлік әдетте жұмсақ мінезді серік етеді, сондықтан ержүрек адамдар қайырымдылық жасауға басқадан гөрі қабілетті келеді. Себебі, көмекке мұқтаж адамға қайы¬рымдылық жасау да сауабы мол амалдың бірі. 

Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Бұл Қазақстанның ең сүйікті және ауқымды мерекелерінің бірі. Сонымен, біз Наурызды не себептен жақсы көреміз? Ұлыстың ұлы күні деп аталып кеткен бұл мейрамның өзіндік керемет ерекшеліктері бар. 

Наурыз – әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі. Орта Азия елдері оны 5000 жылдан аса уақыт атап өтіп келеді. Наурыз мейрамы заманауи діндер мен көптеген мемлекеттер пайда болғанға дейін шамамен 5 мың жыл бұрын пайда болды. Бұл ежелгі мереке күнәдан тазару, киім-кешектерді тазарту, үйді тазарту, жамандықтан және өшпеділіктен тазару мерекесі ретінде атап өтіледі. Ол адамдарды басқалардың күнәлары мен жамандықтарын кешіруге шақырады. Сондай-ақ, бұл күні шығыс елдері екі арадағы кез келген соғысты тоқтатқан. Ал қазақ ақсақалдары мерекеде араздасқан ру-тайпалармен татуласатын болған. Ұлыстың ұлы тойы – Наурыз мерекесі қарсаңында жасалған әр амал халқымызға береке болсын.

жалллллллл.jpg

 

Тағы да оқыңыз: