Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Кәмелетке толмаған білім алушылар арасында құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы қалыптастырып, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменов, білім бөлімінің басшысы Т.Садықов, жергілікті полиция бөлімінің бастығы Е.Асылханұлы секілді сала мамандары Жалағаш кентіндегі 5 мектепте, 4 ауылдық округте жоғарғы сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын өткізді.

уууууууууууу.jpg

Профилактикалық іс-шаралар Жалағаш ауданы бойынша тұрақты түрде жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін кәмелетке толмағандардың арасындағы басты мәселелердің бірі түнгі уақытта ата-анасыз жүрген балаларды болдырмау мақсатында Жалағаш аудандық полиция департаментімен бірлесіп, 51 рейдтік шаралар өткізілді.

«Бала біздің болашағымыз дейтін болсақ, елдің ертеңі жарқын болу үшін барлығымыз бір кісідей ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ете білу керекпіз. Олардың түзу жолда жүріп, тек біліммен сусындап, болашағы үшін оқуын оқып, түрлі жат нәрседен аулақ болса дейміз. Мектепте ұстаз білім нәрімен сусындатса, ата-ана үйде тәрбие мен тәлім берсе. Ал баршамыз қоғам болып жақсылыққа атсалыссақ» дейді мамандар.

Тағы да оқыңыз: