Мемлекет басшысының ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғыртып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы аясында Жалағаш ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Соның ішінде Ақсу ауылында жол инфрақұрылымын дамыту бағытында нақты істер қолға алынып, ел игілігіне бағытталған маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. 
Қазіргі таңда ауылдағы М.Әуезов, Т.Қожақұлов және Ақбөгет көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, тағы үш көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті ұсыныстар жолданды.

Айта кету керек, өткен жылы Беркінбай кәлпе – Жалағаш бағытындағы автожолға жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жол толықтай асфальт төселіп пайдалануға берілген болатын.

Бүгінде Ақсу ауылы тұрғындары көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Бұдан бөлек, электр желілерін жаңарту бағытындағы жұмыстар да кезең-кезеңімен жалғасуда.
Ауылдың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту – халықтың тұрмыс сапасын арттырудың басты кепілі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

FB_IMG_1779823225220.jpg

Жалағаш кентінде кәсіпкерлік пен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі – «TATTI Kids» сауда-ойын-сауық орталығы.

Заманауи талапқа сай бой көтерген жаңа орталық аудан тұрғындары үшін сауда мен демалысты қатар ұштастыратын қолайлы кеңістікке айналды. Екі қабатты ғимаратта сауда орындары мен балаларға арналған арнайы ойын алаңдары орналасқан.

Орталық жыл он екі ай үздіксіз қызмет көрсетіп, бір мезетте 60 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, отбасылық демалыс мәдениетін қалыптастыруға және жергілікті кәсіпкерлердің жұмысын жандандыруға тың серпін бермек.

Аудан аумағында осындай жаңа нысандардың бой көтеруі – кәсіпкерлік белсенділіктің артып келе жатқанын және өңірдің инвестициялық әлеуетінің нығайып келе жатқанын айқын көрсетеді.

FB_IMG_1779823393948.jpg

Жалағаш кентінде бұқаралық спортты дамыту бағытындағы тағы бір маңызды нысан тұрғындар үшін қызмет көрсетуде.

Жоғары санаттағы стандартқа сай жасанды шөп төселген алаңда бүгінде мектеп оқушыларынан бастап ересектерге дейін тұрақты түрде жаттығып, бос уақыттарын тиімді өткізуде.Арнайы сағаттық жүйемен жұмыс істейтін спорт нысаны тұрғындарға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға және аудан спортшыларының дайындық деңгейін арттыруға оң ықпалын тигізуде.

Спорт – денсаулықтың ғана емес, ұлт сапасының көрсеткіші. Сондықтан ауданда бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

FB_IMG_1779823543236.jpg

Жалағаш ауданында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.
Бүгінде аудан халқы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл – жүйелі атқарылған жұмыстың нақты нәтижесі.
Соның жалғасы ретінде Есет батыр елді мекенінде ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба аясында ауылдағы темір-бетоннан жасалған су құдықтары толық жаңартылып, әрбір тұрғын үйге заманауи радиомодульді су есептегіш құрылғылары орнатылады.

Халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған мұндай маңызды жобалар ауданның тұрақты дамуы мен елді мекендердің әлеуетін арттыруға негіз болмақ.

FB_IMG_1779823611585.jpg

Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеретін ауқымды инвестициялық жоба – «HARVEST AGRO» агроиндустриалды кластерінің алғашқы кезеңі іске қосылды.

Жоба аясында алғашқы кезеңде 8,7 мың гектар суармалы жерге жүгері егілсе, екінші кезеңде 32 мың гектар алқапқа жүгері, соя және техникалық қарасора орналастырылады.

Жаңа өндіріс орны жоғары технологиялармен жабдықталып, 140 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.
Қазіргі таңда инфрақұрылымдық жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қараөзек өзенінен суару арналары тартылып, 142 жаңбырлатқыш қондырғы орнатылуда. Бұл су ресурстарын тиімді пайдаланып, үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, цифрлық жүйелер мен жасанды интеллект элементтері енгізіліп, аграрлық саланы басқарудың жаңа тетіктері қолданылуда.

Бұл – өңірдің аграрлық әлеуетін арттырып, өнім өндіру мен өңдеу көлемін ұлғайтуға бағытталған стратегиялық маңызы зор жоба.

FB_IMG_1779823709509.jpg

Тағы да оқыңыз: