Kyzylorda-news.kz Жол құрылысы және ішкі көшелерді жөндеу бойынша 5 жобаға бюджет есебінен қаржы қаралып, Бұқарбай батыр, Аққұм, Есет батыр ауылдарының 17 көшесіне және М.Шәменов ауылының кіре беріс автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Таң ауылындағы екі пәтерлі 10 тұрғын үйге кірме автомобиль жолын салынбақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов баяндады.
«2025 жылы ауданның жол саласын дамытуға бюджеттен барлығы – 1 млрд 731 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға 24,6 км автомобиль жолдары және көшелер жөндеуден өткізілетін болады. Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағадарламасы аясында ұзындығы 22,3 шақырым құрайтын Жалағаш кенті мен 5 елді мекенде 35 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі», – деді аудан басшысы.
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі