Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Базартай Жандос Нұртайұлыың Жалағаш ауданына жұмыс сапары аясында Ақсу ауылында маңызды партиялық іс-шара ұйымдастырылып, «Сәрке батыр» ЖШС жанынан бастауыш партия ұйымының ашылу рәсімі, партия белсенділерін марапаттау және жаңа мүшелерге партиялық билеттерді табыстау шарасы өтті.
Іс-шараға партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия мүшелері, қоғам белсенділері мен ауыл тұрғындары қатысып, партияның алдағы міндеттері мен ел игілігі жолындағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, партияның қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, партиялық жобалар мен қоғамдық жұмыстардың жүзеге асуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табысталды. Олардың елдің дамуы мен қоғамның өркендеуіне қосқан еңбектері жоғары бағаланды.
Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстау рәсімі болды. Жаңа мүшелер партияның мақсат-міндеттерін жүзеге асыру жолында белсенді еңбек етуге дайын екендіктерін білдірді.
«Бастауыш партия ұйымдары – партия жұмысының негізі әрі халықпен тікелей жұмыс жүргізетін басты буын. Сондықтан олардың қызметін күшейту, белсенді азаматтарды қолдау және партия қатарына жаңа мүшелерді тарту – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Бүгінгі ашылып отырған бастауыш партия ұйымы да ел мүддесіне қызмет етіп, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосады деп сенемін. Партияның күші – оның белсенді мүшелерінде, ал халықтың сенімі – біз үшін ең үлкен жауапкершілік», – деді Жандос Нұртайұлы.
Филиал төрағасы жаңадан ашылған “Сәрке батыр ЖШС” бастауыш партия ұйымының кабинетімен танысып, ұйымның алдағы жоспарлары мен жұмыс бағыты жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, бастауыш партия ұйымының қызметін жүйелі ұйымдастырып, тұрғындармен және партия мүшелерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

