Kyzylorda-news.kz.  Қазір қыстың қамын жаз ойламасқ, тағы болмайды. Бұған кешегі Екібастұздағы жағдай дәлел болары анық. Қақаған қыста қарапайым халық жылусыз қалса, елдің алдағы жылу маусымын уайыммен өткізетіні тағы да анық. Сондықтан мұндай жағдайлардың алдын алу үшін Жалағаш ауданы алдағы жылу беру маусымына дайындықты бүгіннен бастап кетті.  Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Ғабит Ерболұлымен хабарласқанымызда қазірдің өзінде аудан алдағы маусымға дайын екенін айтты.

Жалағаш ауданында жылытылатын барлығы 99 әлеуметтік, бюджеттік нысандар бар екен. Әлеуметтік нысандардың саны – 81, мемлекеттік мекемелер – 18. Әлеуметтік нысандардың 30-ы сұйық отынмен, 39-ы қатты отынмен, 10-ы газ отынымен, 2-еуі электр қуатымен жылытылады.2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына барлық әлеуметтік және басқа да бюджеттік нысандардың сұйық отын қажеттілігі 2077 тоннаны, қатты отын қажеттілігі 2900 тоннаны құрайды. Бүгінгі күнге дейін нысандарда 28 тонна сұйық отын (қажеттіліктің 1,4 пайызы), 81 тонна қатты отын (қажеттіліктің 2,8 пайызы) қоры бар. Сонымен қатар, 276 тонна сұйық отынға, 1429 тонна қатты отынға жеткізіп берушілермен келісім-шарттар жасалған. 
2023-2024 жылдардағы жылу маусымына дайындау жөніндегі іс-шаралар  жоспарына сәйкес, дайындық жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда 75 әлеуметтік нысан (33 білім нысандары, 18 мәдениет, 16 денсаулық, 8 спорт) немесе 92,6 пайызы жылу беру маусымына дайын. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 бұйрығымен бекітілген «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына» сәйкес, әзірлік паспорттарын алуға құжаттар үстіміздегі жылдың 15 тамызынан бастап қабылданады. 
Аудан тұрғындарына 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына қатты отын қажеттілігі 9000 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда  350 тонна (4 пайыз) қатты отын қоры былтырғы жылу маусымынан қалып, тұрғындардың өз қоймаларында сақталған. Аудан тұрғындарына жеке кәсіпкерлер 9000 тонна көмірді үстіміздегі жылдың тамыз айынан бастап  жеткізіп беруді жоспарлап отыр. олардың қатарында «Олжас-2005» ЖШС  (Сейтжанов Олжас, көмірді жеткізу жоспары 2100 тонна), «Ажибеков М.» жеке кәсіпкері (Ажибеков Мейиржан Темирханович, көмірді жеткізу жоспары 2100 тонна), «Мәди» жеке кәсіпкері (Елеусінова Айнұр Алтынбекқызы, көмірді жеткізу жоспары  1930 тонна), «Қырмызы» жеке кәсіпкері (Сейтханова Данагуль, көмірді жеткізу жоспары 1610 тонна), «Ясина» жеке кәсіпкері (Садықов Батыржан Нұрлыбекұлы, көмірді жеткізу жоспары 1260 тонна).

Ғабит Ерболұлы тұрғындар үшін қажетті көмірді уақытылы жеткізіп және көмірдің бағасын негізсіз өсірмеу мақсатында жеке кәсіпкерлермен  меморандумдар  жасалғанын айтады. Сонымен қатар, көмірді  сату жүзеге асырылатын  тауарлық биржалар мен оларға қарасты брокерлердің тізімдері жеке кәсіпкерлерге ұсынылған. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлермен көмірді делдалсыз сатып алу мақсатында брокерлер арқылы көмір разрездерімен келісім-шартқа отыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.Ауданға газ келгелі жергілікті халық көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Биылғы жылы ҚР Ұлттық қорынан «Наркескен» спорт клубының қазандығын (жоба құны 16,0 млн теңге) газ отынына көшіруге 14,4 млн теңге, аудандық кітапхананың қазандығын (жоба құны 12,3 млн теңге) газ отынына көшіруге 11,1 млн теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен екі нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердігер мекеме болып «КомпанияГазСтрой» ЖШС анықталды. Мердігер мекемемен 14,6 млн теңгеге (Наркескен) және 11,2 млн теңгеге (кітапхана) келісім-шарттар 05.05.2023 жылы жасалып, 11.05.2023 жылы Қазынашылық басқармасына тіркелді.   

Аудандық кітапхана бойынша техникалық қадағалаушы «Ақбозат LTD» ЖШС. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау үшін облыстық қадағалау басқармасынан 06.06.2023 жылы рұқсат алынды. Қазіргі таңда мердігер мекемемен құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 2023 жылғы 06 тамызға тура келеді. «Наркескен» спорт клубы бойынша техникалық қадағалаушы «ATM CONSULTING» ЖШС болып табылады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау үшін облыстық қадағалау басқармасынан рұқсат 05.07.2023 жылы алынып, мердігер мекемесімен жұмыстар жүргізілуде. Жоспар бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 2023 жылы 5 қыркүйекке тура келеді.   Сонымен қатар, №123, 246 мектептердің қазандықтарын газ отынына көшіруге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 7,2 млн теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысымен «Проект Сервис» ЖШС жеңімпаз болып танылып, 10.06.2023 жылы келісім-шарттар жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Ақсу, М.Шәменов елді мекендерін газдандыру жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен 40 млн. теңге қаржы бөлінді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысымен «АЭS and Limited» ЖШС-мен келісім-шарттар жасалды. Келісім-шарт құнына келсек, Ақсу – 19128 мың теңге, М.Шәменов 19128,0 мың теңгені құрайды. Техникалық қадағалау қызметіне мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуде. 2023 жылдың 20 шілдесіне Жалағаш кентіндегі 2561 тұрғын үй (80,9 пайызы) орталықтандырылған газ желісіне қосылып, газ отынын пайдалануда (Жалағаш кентіндегі тұрғын үй саны 3164).

Жалағаш ауданында білім саласы бойынша барлығы 23 нысан бар. Оның ішінде 20 мектептің 17-сі сұйық отынмен, 2-еуі қатты отынмен (№31, 188 мектептер), 1 мектеп (№202 мектеп) газбен жылытылады. Мектептерге жылу беру маусымына сұйық отын қажеттілігі 1581 тонна, қатты отын қажеттілігі 544 тоннаны құрайды (№31 мектеп – 280 тонна, №188 мектеп – 264 тонна). Биылғы жылы мектептерге сұйық отынға  464,5 млн теңге, қатты отынға 9,5 млн теңге қаржы бөлінді. 1116 тонна сұйық отынға (360,1 млн теңгеге) жеткізіп берушілермен келісім-шарт жасалып, одан бүгінгі  күнге 932 тоннасы алынған. Қазіргі таңда мектептерде 11 тонна  сұйық отын қоры бар және 184 тонна сұйық отын келісім-шарт бойынша алашақ. Сұйық отын сатып алуға 99 млн теңге қаржысы бар, 2024 жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімге  380 тонна сұйық отын сатып алуға қосымша 136 млн теңге қаржы қажет. Мектептерге 543 тонна қатты отынға (9,5 млн теңгеге)  келісім-шарт жасалып, одан бүгінгі  күнге дейін 25 тоннасы алынған,  518 тоннасы енді алынады. «Ақтерек» лагеріне сұйық отын қажеттілігі 9 тоннаны, Оқушылар үйіне 22 тоннаны құрайды. «Ақтерек» лагеріне сұйық отын сатып алуға 3 млн теңге, Оқушылар үйіне 7,7 млн теңге қаржысы бар.

Индустриалды-аграрлық колледжге қатты отын қажеттілігі 267 тоннаны құрайды. Бүгінгі күнге дейін 8 тонна қатты отын қоры бар немесе қажеттіліктің 3 пайызы болып отыр. Бүгінгі күнге дейін барлық нысандар жылу беру маусымына дайын.
Балабақшалар бойынша аудандағы 10 балабақшаның  6-ауы сұйық отынмен,       1 нысан («Арай» балабақшасы) қатты отынмен, 3 нысан (Ақмаржан, Күн шуақ, №19 санаториялық балабақша) газбен жылытылады. Балабақшаларға жылу беру маусымына сұйық отын қажеттілігі 226 тонна, қатты отын қажеттілігі 43 тоннаны құрайды. 2023 жылы сұйық отынға 65,6 млн теңге, қатты отынға 720,0 мың теңге қаржы қаралған. 145 тонна сұйық отынға (44,8 млн теңгеге) келісім-шарт жасалып, одан 91 тоннасы алынған. Бүгінгі  күнге балабақшаларда 7 тонна  сұйық отын қоры бар және 54 тонна сұйық отын келісім-шарт бойынша алашақ. «Арай» балабақшасында 8 тонна қатты отын қоры бар және келісім-шарт бойынша 27 тонна қатты отын алашақ. Бүгінгі күнге барлық балабақшалар жылу беру маусымына дайын.

Мәдениет саласы бойынша 20 нысанның 3-еуі сұйық отынмен, 14 нысан қатты отынмен, 2 нысан газбен, 1 нысан электр қуаты арқылы жылытылады. Мәдениет нысандарына жылу беру маусымына сұйық отын қажеттілігі 46 тонна, қатты отын қажеттілігі 939 тоннаны құрайды. 2023 жылы сұйық отынға 16,9 млн теңге, қатты отынға 16,8 млн теңге қаржы бөлінген. 45 тонна сұйық отынға (13,4 млн теңгеге)  келісім-шарт жасалып, одан 37 тоннасы  алынған.  Қазіргі таңда нысандарда 2 тонна сұйық отын қоры бар және келісім-шарт бойынша 8 тонна сұйық отын алашақ. 931 тонна қатты отынға (16,8 млн теңгеге) келісім-шарт жасалып, одан 512 тоннасы алынған. Бүгінгі күнге дейін нысандарда 58 тонна қатты отын қоры бар және 419 тонна қатты отын келісім-шарт бойынша алашақ. 

Биылғы жылы аудандық кітапхананың қазандығы газ отынына көшірілетін болады. Бүгінгі күнге дейін аудандық кітапханадан, Мәдениет ауылдық клубынан басқа нысандар жылу беру маусымына дайын. Аудан бюджетінен қаржыландырылатын басқа да мекемелердің жылу беру маусымында сұйық отын қажеттілігі 154 тонна, қатты отын қажеттілігі 117 тоннаны құрап отыр. 2023 жылы   сұйық отынға 33,1 млн теңге, қатты отынға 2,4 млн теңге  қаржы бөлінген.  98 тонна сұйық отынға  (29,7 млн теңгеге) келісім-шарт жасалып, одан 71 тоннасы алынған.  Қазіргі таңда нысандарда 2 тонна сұйық отын қоры бар және 27 тонна сұйық отын келісім-шарт бойынша алашақ. 37 тонна қатты отынға (699,0 мың теңгеге)  келісім-шарт жасалып, оның 20 тоннасы  алынған. Нысандарда 4 тонна қатты отын қоры бар және 17 тонна қатты отын келісім-шарт бойынша алашақ. Аудандағы денсаулық сақтау саласына қарасты 19 нысанның 3-уі (аудандық аурухана, жұқпалы аурулар бөлімшесі, аудандық емхана) газ отынымен, 16 нысан қатты отынмен жылытылады. Нысандарға  жылу  беру  маусымына қатты отын қажеттілігі 770 тоннаны құрап отыр. 

Биылғы жылы Жалағаш ауданында қатты отынға 15,2 млн теңге қаржы қаралды. 760 тонна қатты отынға (15,2 млн теңгеге) келісім-шарт жасалып, одан 340 тоннасы  алынды. 420 тонна қатты отын  келісім-шарт бойынша енді алынады. Бүгінгі күнге дейін Мәдениет, Мақпалкөл дәрігерлік емханаларынан, Жаңақоныс медпунктінен басқа нысандар жылу беру маусымына дайын. Спорт саласы бойынша 9 нысанның 2-уі сұйық отынмен, 5-уі қатты отынмен, 1 нысан электр қуатымен, 1 нысан (бассейн) газ отынымен жылытылады. Спорт нысандарына жылу беру маусымына сұйық отын қажеттілігі 39 тоннаны, қатты отын қажеттілігі 220 тоннаны  құрайды. Қазіргі таңда нысандарда 6 тонна сұйық отын қоры бар және 3 тонна сұйық отын келісім-шарт бойынша алашақ. 3 тонна  қатты отын қоры бар  және 28 тонна қатты отын келісім-шарт бойынша алашақ. Биылғы жылы «Наркескен» спорт клубының қазандығы газ отынына көшірілетін болады. Бүгінгі күнге дейін «Наркескен» спорт клубынан басқа нысандар жылу беру маусымына дайын екен.

Тағы да оқыңыз: