Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялауына орай Жалағаштағы «Өркен Әлем» ЖШС қызметкерлерін «Руханият» орталығымен таныстырып, жұмысшы маман иелерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, сонымен қатар ауданымыздағы өндіріс саласындағы әйелдер қауымы қатысты.
Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйел-аналардың орны тек шаңырағында деген түсініктің аясын кеңейткен кездесуде белсенді жұмысшы әйелдер марапат төрінен көрінді.
Жиында жұмысшы мамандықтарының жылы, еңбек адамының беделін көтеру, кәсіби білім беру және еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жетілдіру жайы сөз болды.
Коллаж: kyzylorda-news.kz