Kyzylorda-news.kz. 2023 жылдың 7 ай қорытындысы бойынша ауданның макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім қалыптасып, Жалағаш ауданы облыс көлемінде алдыңғы қатарға шықты.
Атап айтқанда:
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 72,4 пайызға өсіп, 20 млрд. 423 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі шаруашылықтардың күріш ақтау есебінен 27,8 пайызға артып, 5 млрд. 415 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 203,0 пайызға артып 9 млрд. 312 млн. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5 млрд. 160,6 млн. теңгені құрап, 101,6 пайызға орындалды.
Тұрғын үй көлемі 13 960 шаршы метр болатын 44 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 103,6 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 1358,1 млн.теңге болып, 103,2 пайызға орындалды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 422,0 млн. теңгеге орындалып, 31,8 пайызға артты.
