Kyzylorda-news.kz. Бүгін – Көрісу күні. 14 наурызда еліміздегі өнірлер Наурыз мейрамының басы Көрісу мерекесін атап өтіп жатыр. Солардың ішінде Жалағаш ауданы да бар.

333646999_203847412233858_5849581138884633553_n.jpgБұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс- туған, көрші-көленюңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.

Бұл мерекені «Көрісу» немесе «Амал» мерекесі деп атайды. Таң атысымен «Көрісу» мерекесін асыға күткен әрбір отбасы дастарқанын қазақтың құрт, бауырсақ, ірімшік, сары май, уыз сынды ұлттық тағамдарымен көмкеріп, наурыз көжесін дайындап, табалдырығын аттаған әр қонағын жылы жүзбен қарсы алады. Оларға ерекше ілтипат көрсетіп, төріне шығарып, ас ұсынады. Дәл осы күні әр адам өзінен жасы үлкен кісілердің шаңырағына кіріп, амандасып көріседі. Барған үйіне «Бір жасыңызбен!» деп еніп, жаңа жылға аман-есен аяқ басқан жора-жолдас, туған-туысқандарын құттықтайды. Бір-біріне деген өкпе-реніштері болса кешіріп, амандық-саулық тілеседі. Сондай-ақ, әр отбасы көршілерімен көріседі. Бұл күні әр адам міндетті түрде үш үйдің есігін ашуы керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі тиіс деген ырым да бар. Үй-үйді қыдырып жүргенде кішкентай балаларға аналары шағын дорба ұстатып қояды. Балақай қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарқанынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден салып алады. Бұл жоралғы «жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарқанымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін» деген ниеттен туған екен.

336471651_741552274014721_1746881206777821219_n.jpgИә, көктемде мал төлдеп, ол аяқталған соң желі тартылып, бұзау, құлын байланып, қозы-лақ көгенделіп, мал сауу басталады. Осы уақытта мал иелері желі басына келіп, «ел тоқ болсын», «ақ мол болсын», «мал басы көбейе берсін» деген тілекпен ырымдап төл ноқтасы мен бұршағына, қазығына май жағып, ақ құяды. Мұндай ырымдар жылқыда «бие бау», басқа малда «қазық майлау» деп атайды. Көненің ізін жалғаған көнермес салт-дәстүрді бүгін Т.Жүргенов ауылдық мәдениет үйі және Мәдениет, Аққыр, Жаңаталап ауылдық клубтарының қызметкерлері қайта жаңғыртты. Елдегі молшылықты, татулықты, тұтастық пен бірлікті сақтаған Жалағаш жұртшылығы қазыналы қарияның ақ батасы мен ақ жаулықты ананың ақ тілегіне бөленді.

335857524_566686458567951_7369884602884048087_n.jpg

 

Тағы да оқыңыз: